Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихатын берді

Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихатын берді

Комитет төрағасы жалпы алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу істері жұмысына бөлек тоқталды. Ол сот орындаушыларымен ұйымдастырушылық(борышкерлердің көліктерін ұстау және сату, жасырын кірістерін анықтау, борышкерлерді жұмысқа орналастыру және т.б.) іс шаралар жүйелі түрде жиі өткізілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкелерінде алимент бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру жолға қойылғандығын айтты.

Комитет азаматтардың құқықтарын қорғау, сот орындаушыларының қызметін бақылау және процестерді автоматтандыру бойынша тиімділікті арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырғандығына тоқталып өтті.

Брифингте Махсат Балабеков журналистердің мәжбүрлеп орындауға қатысты, алимент өндіріп алу туралы және орындау саласындағы басқа да мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.