Сот сараптамасы саласындағы инновациялық тәсіл процестің дәлдігін, тиімділігін және қолжетімділігін айтарлықтай жақсартатын болады. Бұл қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мерзімдеріне оң әсерін тигізеді.
E-Saraptama жүйесіне кіріктірілген жәбірленушілер, күдіктілер және басқа да тұлғалардың дене жарақаттары бойынша сот-медициналық сараптамасының жаңа модулі адам ағзасын, оның ішінде интерактивті 3D моделін пайдалана отырып, талдайтын болады.
Мұндай автоматтандырылған процесті енгізу сараптама жүргізуге кететін уақытты қысқартуға, нәтижелердің қайталану мүмкіндігін арттыруға және зерттеу мәліметтерін егжей-тегжейлі тіркеуге бағытталған.
Бұл азаматтарға не береді?
Перспективалар. Тірі адамдарды тексеру үдерісін автоматтандыру сот сараптамасын жетілдіру жолындағы оның сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл жаңашылдық азаматтарға нақтырақ, тезірек және қолжетімді пікірлер алуға мүмкіндік береді, бұл түптеп келгенде сот ісін жүргізуді жеделдетуге және қабылданған шешімдердің әділдігін арттыруға мүмкіндік береді.