Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бас хатшысымен кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бас хатшысымен кездесуіне қатысты

2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесуі өтті.

Кездесуге Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат, сауда және интеграция, туризм және спорт, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, көлікминистрліктерінің бірінші басшылары мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылап, казақстан-вьетнам ынтымақтастығының деңгейіне қанағаттанғандықтарын білдіріп, мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді достық пен өзара түсіністікке негізделген жылы және достық қарым-қатынастарды атап өтті.

Тараптар бейінді ведомстволар деңгейінде екі елдің әртүрлі салалардағы екіжақты қатынастарын одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдіріп, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық жемісті болатынына сенім білдірді.