Жобаның мақсаты – электронды форматта жазбаша мәміле негізінде берешекті өндіріп алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Негізгі жаңашылдықтарға egov mobile арқылы онлайн қарсылық білдіру мүмкіндігі, нотариус әрекеттерінің аумақтылығын автоматты түрде тексеру, сондай-ақ атқарушылық құжаттың шығарылғаны туралы жеткізілуі және уақытылы хабарлануы, сәйкесінше, бұл әрекеттерге дер кезінде жауап қайтарылуы жатады.
Жобаны іске асырудың алғашқы үш аптасында 71 476 атқару парағы беріліп, оның 2 484-і борышкерлердің жеке кабинеттері арқылы берген қарсылықтары негізінде жойылды.
Бұл соттан тыс қорғаудың цифрлық тетіктерінің сұранысы мен тиімділігін растайды.
Әділет министрлігі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған цифрлық қызметтерді дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.