Астанада KT&G Kazakhstan компаниясының өкілдерімен және Корея Елшілігімен кездесу өтті

Астанада KT&G Kazakhstan компаниясының өкілдерімен  және Корея Елшілігімен кездесу өтті

Астана қаласында ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдірееваның Корея елшілігінің және KT&G Kazakhstan компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты темекі өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Корея елшілігі және KT&G Kazakhstan компаниясы арасындағы зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болды.

Келіссөздер барысында тараптар контрафактілік темекі өнімдері саласындағы ағымдағы жағдайды қарастырып, заңнаманы жетілдіру тетіктерін талқылады және зияткерлік меншік құқықтарын тиімді іске асыру бойынша тәжірибе алмасты.

Корей тарапы инвестициялар тарту және орнықты экономикалық даму үшін контрафактілік өніммен күресудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жолға қоюға терең қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды нығайтуға өзара мүдделілігін растады және диалогты дипломатиялық деңгейде жалғастыруға уағдаласты. Бұл ынтымақтастық зияткерлік құқықтарды қорғауды күшейту мен инновациялық өсу үшін қолайлы жағдайларды қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ.