Шымкентте жеке сот орындаушылар қызметі саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өтті

Шымкентте жеке сот орындаушылар қызметі саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өтті

ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау комитетінің төрағасы Мақсат Балабековтің қатысуымен Жеке сот орындаушылар қызметі саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Аталған шараға ҚР Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының төрағасы Айдос Иманбаев, ҚР Жеке сот орындаушылары республикалық палатасы төрағасының орынбасары Нуржан Арынғазинов, Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нуржан Махамбетов, Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнур Исабекова қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылардың назарына атқарушылық құжат саласындағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат және азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі жеткізілді. Жұмысқа қызмет көрсетудің “қызметтік моделі” қағидасын енгізе отырып, орындау барысында тараптардың құқықтары мен мүдделерін мүлтіксіз сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.