Бүгін ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпықалалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Шара барысында Орталық мешіттің аумағы тазаланып, жасыл желектер қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Аталған шара экологиялық сананы арттыруға және қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін дамытуға бағытталған.