Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп «Құтқарушы роботтар» тақырыбында облыстық жобалар байқауын өткізді

Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп «Құтқарушы роботтар» тақырыбында облыстық жобалар  байқауын өткізді

2025 жылдың 18 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп «Құтқарушы роботтар» тақырыбында облыстық жобалар байқауын өткізді.

Іс-шараның мақсаты - оқушылар мен студенттердің зияткерлік меншіктің маңызын және авторлық құқықтарды қорғау мен патенттік мәдениетті насихаттау.

Ең үздік және маңызға ие жобалардың авторлары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.