Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің ашылуына қатысты.
Шараға адвокаттар алқасының төрағалары мен заңгерлік қоғамдастық өкілдері келді.
Вице-министр заңгерлер қауымын құттықтап, бұл шара қазақстандық адвокатураның дамуының айғағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау институтын нығайтуға қосылған елеулі үлес екенін атап өтті.
Аталған кеңсе сол жағалаудағы Ә.Бөкейхан көшесінде орналасқан.