Түркістанда заңгерлердің қатысуымен Алимент өндірудің халықаралық тетіктерін талқылау семинары өтті

Түркістанда заңгерлердің қатысуымен Алимент өндірудің халықаралық тетіктерін талқылау семинары өтті

Түркістанда еліміздің барлық өңірінен 650-ден астам адвокат мен заң консультанттарының қатысуымен «Алимент өндіріп алу бойынша халықаралық құқықтық көмек. Ұлттық құқық қолдану ерекшеліктері» тақырыбында ауқымды семинар-тренинг өтті.

Іс-шара ЕҚЫҰ қолдауымен Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Шараға сот әкімшілігінің халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары -Талғат Тасқожин, Сот әкімшілігінің бас консультанты - Гаухар Егенбердиева, Түркістан облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сауран Бақтыбек Смағұлұлы және заң консультанты Аржан Сәдуақас негізгі мәселелер бойынша сөз сөйледі.

Қатысушыларға БҰҰ-ның шетелде алимент өндіріп алу туралы Конвенцияның, балаларға алимент өндіріп алудың халықаралық тәртібі және отбасын асыраудың басқа да нысандары туралы Гаага Конвенциясының негізгі ережелері, сондай-ақ осы саладағы трансшекаралық ынтымақтастықтың өзекті аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Семинар шынайы диалог үшін интерактивті алаңға айналды: заң қоғамдастығының өкілдері көптеген практикалық сұрақтар қойып, оларға спикерлер тарапынан жан-жақты және кәсіби жауаптар берілді.
Әділет министрлігі құқықтық мәдениетті нығайтуға және отбасы құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ете отырып, осындай іс-шараларды 2024 жылдан бастап тұрақты негізде жүргізуді жалғастыруда.