«Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия туралы

«Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия туралы

2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында өтетін Астана халықаралық форумы аясында «Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өткізіледі.

Панельдік сессия барысында зияткерлік меншікті құқықтық реттеудегі заманауи үрдістер, тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының авторлар мен жасаушылардың құқықтарына әсері талқыланатын болады.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Тан Дарен, Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті Григорий Петрович Ивлиев, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ Алқа мүшесі (Министр) Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Қытай Халық Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік басқармасының өкілі СЮ Цзянь мәлімделді.

БАЙЛАНЫС:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  баспасөз қызметі

Телефон: +7 (7172) 74-06-21

Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kz