Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті

Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша  «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті

2025 жылғы 17 сәуірде Әділет министрлігі Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.  

Тестілеуге Министрліктің 55 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды.