Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының үйлестірушісі Е.Т. Кунтуримен кездесуі өтті

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының үйлестірушісі Е.Т. Кунтуримен кездесуі өтті

Кездесу барысында Вице-министр Министрлік қызметінің Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мен іске асырудағы маңыздылығын атап өтті.

Ботагөз Жақселекова, сондай-ақ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолуы Жұмыс тобының 48-ші сессиясы шеңберінде өткен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Төртінші мерзімді ұлттық баяндамасын қорғау қорытындылары туралы хабардар етті.

Вице-министр, сондай-ақ, Әділет министрлігінің адам құқықтары саласындағы алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар өткізілген кездесудің нәтижелілігін, сындарлы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті.