Женевада ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековамен кездесіп, Марракеш шартын ратификациялау туралы грамотаны ресми түрде табыстады

Женевада ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг  Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековамен кездесіп, Марракеш шартын ратификациялау туралы грамотаны ресми түрде табыстады

2025 жылғы 14 сәуірде Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Марракеш шартына қосылуы жөніндегі грамотаны табыстау рәсімі өтті.

Марракеш шартының ратификациялануы инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Бұл халықаралық шарт көру қабілеті бұзылған және баспа ақпаратын қабылдауға кедергі келтіретін өзге де шектеулері бар адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізудегі тосқауылдарды жоюға бағыттталған.

Қазақстан үшін шарттың ратификациялануы — жай ғана құқықтық қадам емес, ол мемлекеттің теңдікке, қолжетімділікке және адам құқықтарын қорғауға бейілділігін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Бұл — әр азаматтың, қандай да бір физикалық ерекшелігіне қарамастан, білім мен мәдени игілікке тең қолжетімділікке ие болатын қоғам құруға деген елдің ұмтылысын білдіреді.

«Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 28 қаңтарда қол қойды.