Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков халықаралық конференцияда баяндама жасады

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков халықаралық конференцияда баяндама жасады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Ғылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер» тақырыбындағы Еуразиялық халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанатында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков сөз сөйледі.

Өз сөзінде Бекболат Молдабеков жасанды интеллектің қазіргі заманғы ғылым мен өндірістегі маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттың мемлекеттік деңгейде стратегиялық мәнге ие екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол цифрлық трансформация мен технологиялық жаңғырту саласындағы Қазақстанның жетістіктері мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті.

Конференция отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшыларды бір алаңда тоғыстырып, ғылым мен индустрияның болашағын цифрландыру бойынша өз ойларын ортаға салды.