Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға Астана қаласы мен Алматы облысының азаматтары тіркеу қызметі мәселелеріне қатысты сұрақтарымен келді.

Кездесу барысында вице-министр азаматтарға қолданыстағы заңнаманың нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, келіп түскен өтініштердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Бірқатар мәселелер бойынша Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оларды жедел қарау және қажетті шараларды қабылдау үшін тиісті тапсырмалар берді.