2025 жылғы 7-8 сәуірде Алматыда Hilfswerk International коммерциялық қайырымдылық ұйымы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азиядағы географиялық нұсқамаларды дамытуға жәрдемдесу – жаңа тіркелген ГН-ды ілгерілету» жобасының бастапқы кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М.Н. Сиротина қатысты. Сондай-ақ, талқылауға Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Жоба Орталық Азия елдерінде тіркелген үш географиялық нұсқамаларды ілгерілетуді қамтиды. Қазақстаннан «Алматы апорты» географиялық нұсқамасы таңдалды – Қазақстанның шегінен тыс жерлерде танымал, қаланың мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған алманың әйгілі сорты.
Анықтама ретінде: Географиялық нұсқамалар белгілі бір аумақпен — оның табиғи жағдайларымен, тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты өнімді белгілеу үшін қолданылады. Мұндай белгілердің құқықтық қорғалуы бірегей сипаттамалары бар тауарларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, жергілікті брендтердің қалыптасуына, инвестициялар тартуға және туризмді дамытуға ықпал етеді. Бұл әсіресе аграрлық және қолөнер өнімдеріне қатысты, олардың әлеуеті оның шығу тегінің түпнұсқалығы арқылы ашылады.
Кездесуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының өкілдері де қатысты. Жоба аясында бұл елдерде Ат-Башин ақ балы (Қырғызстан) және Аштақ (Тәжікстаннан кептірілген өрік) сияқты географиялық нұсқамалар ілгерілеуде. Бұл өнімдерде Алматы апорты тәрізді өңірдің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін бірегей сипаттамаларға ие.
Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастығы зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Географиялық нұсқамалар бойынша халықаралық бастамаларға қатысу жергілікті өндірушілерге экспорттық перспективалардың ауқымын кеңейте отырып және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, өздерін әлемдік аренада танытуға мүмкіндік береді.