ҚР Әділет министрлігі Наурыз мерекесін атап өтті

ҚР Әділет министрлігі Наурыз мерекесін атап өтті

Мерекелік іс-шараны ашқан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев барша Әділет органдарының қызметкерлерін ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.

Әділет министрі Наурыз мерекесіні халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырып, ұлтымыздың мерейін өсіріп, елдік болмысымызды айшықтайтынын атап өтті.

Шарада Әділет органдарына елеулі үлес қосып, адал қызмет атқарған қызметкерлер министрдің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ мерекелік шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.