ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев азаматтарды қабылдады

Азаматтарды қабылдау орталығында Астана қаласы және Алматы облысының азаматтары атқарушылық іс жүргізу, адвокаттарға, сот орындаушылардың іс-әрекетіне шағымданып және "Нотариаттар туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесіне қатысты сұрақтармен келді.

Кездесу барысында көтерілген сұрақтарды егжей-тегжейлі талдап, тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына жедел шешу үшін тапсырмалар берді.