Мерекелік іс-шарада Министр әділет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін әйелдер қауымына алғысын білдірді. Әділет органдарына адал атқарған қызметтері үшін нәзік жанды арулар алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Сондай-ақ, мерекеде Әділет органдарының ардагерлерінің еңбектері атап өтіліп, олардың көп жылдық еңбегі мен тәжірибесі әріптестеріне үлгі екені айтылды.
Ерлан Сәрсембаев ұжымға мықты денсаулық, мол бақыт және кәсіби қызметте одан әрі жетістіктер тіледі.