Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады, оның барысында «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізуге, мұрагерлік құқықтарды ресімдеуге қатысты мәселелер қаралды.
Кездесу барысында вице-министр азаматтарға қолданыстағы заңнаманың нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, келіп түскен өтініштердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Бірқатар мәселелер бойынша Әділет министрлігінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оларды жедел қарау және қажетті шараларды қабылдау мақсатында тиісті тапсырмалар берілді.