ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Акбар Джоукармен кездесті

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Акбар Джоукармен кездесті

Ботагөз Жақселекова Министрлік қызметінің бағыттары туралы хабардар ете отырып, мемлекеттер арасындағы Азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім шеңберінде одан әрі жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр құқықтық тәртіп, заңнамалық базаны дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот сараптамалық қызмет салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Қазақстан Республикасы осы бағыттарға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген кездесудің тиімділігін және заңдылық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтай отырып, екі ел арасындағы сындарлы ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.