
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Астана және Қарағанды қаласынан азаматтарды қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.
Кездесу барысында атқарушылық өндіріс және сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелер көтерілді. Даниель Ваисов өтініш берушілерге заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндіріп, сонымен қатар көтерілген мәселелерді жедел шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.
Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды. Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық қолдау көрсету және халықпен ашық диалог жүргізу жұмысын жалғастырады.