Digital Almaty 2025 форумында цифрлық сот орындаушысы таныстырылды

Digital Almaty 2025 форумында цифрлық сот орындаушысы таныстырылды

Алматыда өткен Digital Almaty халықаралық технологиялық форумына 30 елден 15 000-нан астам қатысушы келді.

Форумда жасанды интеллект, цифрлық экономика және киберқауіпсіздік сияқты цифрлық трансформацияның негізгі тақырыптарын талқылады. Аталған шара шеңберінде ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айыппұлдарды өндіріп алу процесін айтарлықтай жақсартатын цифрлық сот орындаушысы - инновациялық жобаны таныстырды.

Өз сөзінде Бекболат Молдабеков Қазақстан азаматтары бұрын жеке сот орындаушыларына айыппұл сомасының 25% мөлшерінде қосымша комиссия төлеу қажет болғанын атап өтті. Осы мәселені шешу мақсатында Әділет министрлігі цифрлық сот орындаушысын - адамның қатысуынсыз айыппұл өндіріп алу процесін автоматтандыратын роботты таныстырды.

Цифрлық шешімнің негізгі артықшылықтары:

Дәлдігі: Тек бір шотты және айыппұл сомасын бұғаттау арқылы артық есеп шығындарды болдырмайды.

Оңтайландыру: Үлкен деректерді талдау арқылы (Big Data) жалақыны төлегеннен кейін хабарламаларды жіберу төлем жылдамдығын айтарлықтай арттыратынын көрсетті.

Үнемдеу: Робот 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдарды өндіріп алу үшін қолданылады. Бұл азаматтарға жылына 5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Нақты тиімділік: Жоба жұмысының алғашқы 4 айында 550 млн теңге үнемдеуге қол жеткізілді.