
2025 жылғы 10 қаңтарда Әділет министрлігі алаңында заң консультанттарының қызметін реттеу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді, оның шеңберінде заң консультанттары институтын жетілдіру жөніндегі мәселелер талқыланып, реттеушілік әсерге талдау материалдарымен танысу ұйымдастырылды.
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобына заң консультанттар палаталарының төрағалары, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы және заң консультанттары кірді.
Реттеушілік әсерге талдау жүргізудің тиімділігі мақсатында Министрлік қажетті статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырып, заң консультанттарының практикалық қызметіне талдау жүргізді.
Талқылау барысында жұмыс тобының қатысушылары заң консультанттары институын дамытудың ұсынылған баламалары бойынша ұсыныстарын берді.