Заң консультанттарының қызметін реттеу бойынша қоғамдық талқылаулар

Заң консультанттарының қызметін реттеу бойынша қоғамдық талқылаулар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодекстің 83-бабына сәйкес заң консультанттарының қызметін реттеу саласында реттеушілік әсерге талдау (бұдан әрі – РӘТ) жүргізуде.

Заң консультанттары қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында Министрлік 2024 жылғы 10 қаңтарда сағат 15:00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 13 кіреберіс, 1039 кабинет мекенжайы бойынша Министрліктер Үйі ғимаратында қоғамдық талқылау өткізуді жоспарлауда.

Талқылаулар әкімшілік кедергілерді анықтауға және шешімдерді тауып, заң көмегін көрсету сапасын жақсартуға ықпал етуге бағытталады.

Қоғамдық талқылауға заң қауымдастығының өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен қолданыстағы заңнамаға ұсыныстары мен ескертулері бар азаматтар қатыса алады.

Талқылаулар пікірлер мен ұстанымдарды білдіруге мүмкіндік беріп, келісілген ұсыныстардың туындауына ықпал етеді.

Талқылау нәтижелері бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Министрлік құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша теңдестірілген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін кез келген конструктивті мәлімдемелерді құптайды.

Іс-шара туралы қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін
8 (7172) 74 07 88 нөміріне хабарласу қажет.