Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітованың төрағалығымен жиналыс өтті

Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітованың төрағалығымен жиналыс өтті

Кеңеске әділет органдарының аумақтық және құрылымдық басқармаларының басшылары қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыптары кадр саясаты, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері болды.

Сандуғаш Ерсейітова әділет органдары жүйесіндегі кадрлық ресурстарды тиімді басқару қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті. Олардың ішінде қызметкерлерді іріктеу, оқыту және біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдерін енгізуге баса назар аударылды.

Кездесудің маңызды бөлігі азаматтарды қабылдауға қатысты мәселелерді талқылау болды. Азаматтармен кері байланыс орнату, көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын бақылауды күшейту және өтініштерді қарау уақытын қысқарту маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлінуде. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында азаматтардың министрлік жұмысына сенімін арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын жеке деректерді қорғау және киберқауіптердің алдын алу шараларын талқылады.

Жиын соңында Сандуғаш Ерсейітова жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы заман талабына сай үйлесімді және кәсіби деңгейде дер кезінде әрекет ету қажеттігін баса айтты.