Әділет министрі Азамат Есқараев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады

Әділет министрі Азамат Есқараев «AMANAT» партиясының  қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады

Қабылдау барысында министр атқарушылық өндіріске және сот-медициналық сараптама жүргізуге қатысты мәселелерді қарады.

Сонымен қатар азаматтар жеке сот орындаушысы тарапынан болған заң бұзушылықтарға қатысты шағымдарын жеткізді.

Азамат Есқараев азаматтардың шағымдарын тыңдағаннан кейін қойылған сұрақтар бойынша түсіндірме беріп, өтініштер негізінде жеке сот орындаушысының іс-әрекетін тексеру туралы
құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Министр қабылдау барысында түскен өтініштердің барлығы бақылауға алынғанын баса айтты.