Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады

Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Астана қаласының және Қостанай облысының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар адвокаттар мен нотариустардың іс-әрекеттеріне және департамент директорының қабылдауға жазудан бас тартуына қатысты өз шағымдарын айтты.

Ботагөз Жақселекова әрбір өтінішті жекелей қарап шығып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелерді  шешуге тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелер Ботагөз Жақселекованың жеке бақылауына алынды.