«АМАНАТ» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдады

«АМАНАТ» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдады

Азаматтарды қабылдау барысында Астана, Алматы, Тараз, Өскемен қалалары мен Ақмола, Жамбыл облыстарының тұрғындары вице-министрге өз шағымдарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан әділет органдарының қызметіне қатысты сұрақтар көтеріліп соның ішінде алимент өндіру мәселесі, заң кеңесі палатасының қызметкерлеріне, жеке сот орындаушылар мен адвокаттардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар айтылды.

Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен әділет департаменттерінің директорларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды.