Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова брифинг өткізді.

Брифингте Әділет вице-министрі «Зияткерлік меншік: Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында журналистердің сауалдарына жауап берді.

Вице-министр зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, құқық қолдану практикасын күшейту, «географиялық нұсқама», авторлық құқық және т. б. бірқатар салаларда ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.

Сондай-ақ, қазіргі әлемде зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау, экономикалық дамуды ынталандыруда шешуші рөл атқаратындығын атап өтті.

Сілтеме: https://www.youtube.com/live/FfrKggWDxm0?si=NlX8LPXROzWl7Wai