Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді

Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді

2024 жылғы 28 қарашада Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР Үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді, олардың тақырыптары құлдықтан, мәжбүрлі еңбектен, адам саудасынан бостандық құқығын, әйелдер және балалар құқығын, мүгедектігі бар адамдардың, мигранттар мен босқындардың, азаматтағы жоқ адамдардың құқығын, сондай ақ құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі туралы мәселелерді қозғайды.

Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) төрт жылда бір рет жүзеге асырылатын БҰҰ-ға мүше барлық 193 мемлекеттегі адам құқықтары туралы ақпаратты шолудың бірегей механизмі болып табылады. ӘКШ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің құрылымына кіреді және әрбір елге адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары туралы хабарлауға, сондай-ақ осы саладағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

Өздеріңіз білетіндей, ӘКШ шеңберінде Қазақстанның қорғауының үшінші циклі 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің 245 ұсынымы алынды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғарыда аталған құқықтар ішінен 63 ұсынысты қолдады және жүзеге асырады.

«Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросы»                       ҚБ директоры Денис Андреевич Дживагоның үйлестіруімен баламалы баяндамаларды әзірлеуге тікелей қатысқан ҚР ҮЕҰ Коалициясының сарапшылары Айгуль Шакибаева, Жанар Нурмаханова, Анара Ибраева, Александр Муха сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар адамның әмбебап құқықтарын қорғауды нығайту бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, оның ішінде ҚР ҮЕҰ Коалициясының балама баяндамасын талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.