ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы азаматтарды қабылдады

ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы азаматтарды қабылдады

Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітова азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
ШҚО тұрғыны әділет органдарының қызметіне қатысты шағымдарын жеткізді.

Сандуғаш Ерсейітова істің мән-жайын зерделей келе, мәселені жедел шешуге шаралар қабылдады.

Сондай-ақ, Аппарат басшысы сот шешімдерін орындау кезінде әділеттілік пен барлық заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Көтерілген мәселелер жан-жақты сарапталып, заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге жеткізілетін болады.

Әділет министрлігі осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.