Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті

Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша  «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеу өтті

2024 жылғы 29 қазанда Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.  

Тестілеуге Министрліктің 55 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды.