Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын салаларда тәжірибе алмасты. Сондай-ақ екі елдің өзара іс-қимылының одан әрі өзара тиімді салаларын белгілеу үшін бір-біріне екі органның құрылымы мен құзыреттерін таныстырды.
Вице-министр делегациямен атқарушылық іс жүргізу, адвокатура және нотариат саласындағы соңғы реформалар туралы жаңалықтармен бөлісті.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.