Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ Сот төрелігі және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі кіші Комитетінің 21-ші отырысы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың қатысуымен Бас прокуратура алаңында өтті. Отырыс ел Президентінің бастамасымен енгізілген Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау саласындағы негізгі реформаларды талқылауға арналды.

Әділет вице-министрі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға түзетулер туралы және мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы, сондай-ақ құқық қолдану процесінде адвокатураның маңызы туралы баяндама жасады. Қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы адвокаттардың іс жүргізу құқықтарын күшейту жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.

Пікірталас аясында келесі бастамалар ұсынылды:

- Адвокаттардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылықтың ресми құрамын енгізу.

- Қорғау тарапына сараптамаға жіберілетін барлық объектілермен танысу құқығын беру.

- Адвокаттардың айыптау актісіне қарсы тепе-теңдік қызметін атқаратын қорғау актісін енгізу мүмкіндігі.

Сондай-ақ, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының конвенциялары және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы екіжақты халықаралық шарттар шеңберіндегі құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастыру және Гаага конференциясының басқа конвенцияларына қосылу жөніндегі дәйекті жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл Еуропалық Одақпен азаматтық істер және халықаралық инвестициялар жөніндегі өзара түсіністікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.