Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылу туралы

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылу туралы

ҚР Әділет министрлігі «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының (бұдан әрі – Жоба) жобасын дайындады.

1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 4-бабына сәйкес Тараптар тағайындалған құзыретті мекемелер, олардың функциялары және байланыс деректері туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді. 

Жобамен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Шартты іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының құзыретті органдары айқындалатын Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы енгізіледі.

Барлық мүдделі азаматтар жоғарыда аталған Жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14982626.