Әділет министрі Азамат Есқараев Атырау облысы Әділет департаментінің ұжымымен кездесті

Әділет министрі Азамат Есқараев Атырау облысы Әділет департаментінің ұжымымен кездесті

Министр Атырау қаласына жұмыс сапары аясында Атырау облысы Әділет департаменті және Атырау облысы бойынша Сот сараптамалар орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Әділет министрі алдымен, Департамент қызметкерлерімен кездесіп, ғимарттың материалдық – техникалық жағдаймен танысты.
Одан кейін Азамат Есқараев Сот сараптамалар орталығында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
«Сот сараптамаларының сапасы қоғамдағы әділеттілік пен заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады», - деді министр.
Өз кезегінде Әділет министрі Атырау облысы Әділет департаментінің және Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы орталығының басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.