Вице-министр Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен, Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу ұсыныстарын талқылау жөнінде отырыс өтті

Вице-министр Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен, Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу ұсыныстарын талқылау жөнінде отырыс өтті

Вице-министр Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен өткен отырыста адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Қазақстан Республикасы үшінші циклінің қорытындылары бойынша қолдау тапқан ұсынымдардың орындалу барысы талқыланды.

Отырысқа мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында адам құқықтары саласындағы ұсынымдарды орындау мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, сондай-ақ 2023 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындылары мен 2024 жылға жоспарланған міндеттемелер талқыланды.

Баяндамашылар адам құқықтары саласында жүргізілген реформаларды ерекше атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ашық пікірлесіп, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға келісті.