2023 жылдың 13 желтоқсанда сағ. 10.00 Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің ғимаратында ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Қостанай облысы Рудный қаласының халқымен кездесуі өтеді.
Кездесуге қоғам белсенділері, қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады.
Азаматтардың жолдаған сауалдары мен ұсыныстары b.kudesova@adilet.gov.kz электрондық поштасы бойынша қабылданады.
Халқымен кездесу Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 ұй (мәжіліс залы) мекен жайында өтеді.