Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев үздік қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев үздік қазақстандық өнертапқыштарды марапаттады

Бүгін Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының концерт залында өнертапқыш саласындағы «Шапағат-2023» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізді.

Салтанатты шараға қатысушыларды құттықтаған ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды өнертапқыштар мен рационализаторлар үшін өз жетістіктерін көрсетуге және олардың сіңірген еңбегінің лайықты бағасын алуға бірегей мүмкіндік екенін атап өтті. «Бүгін біз дарындылығымен және қажырлы еңбегімен еліміздегі өнертапқыштықты дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген «Шапағат» байқауының жеңімпаздарын марапаттаймыз», - деп министр қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы Нәбиев Ерғали Нұғыманұлына берілді. «Жыл өнертабысы» номинациялары бойынша «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өнертапқыш әйел» - Базарбаева Сәуле Маратқызы, «Жас өнертапқыш» - Александр Сергеевич Барукин, «Үздік инновациялық компания» - «А.Б. Бектұрова» атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ жеңімпаз деп танылды. , «Жас талант» номинациясы бойынша - Қыдырбай Қазыбек жеңімпаз атанды.

Байқауға қатысуға барлығы екі жүзден астам өтінім беріліп, байқау комиссиясы дауыс беру арқылы үздіктердің үздігін таңдады. Марапаттау рәсімі еліміздің әр өңірінен келген ғалымдардың, профессорлардың, инженерлердің және жас ғалымдардың өнертабыс ордасына айнала білді. Сондай-ақ салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Австрия, Бельгия, Болгария, Румыния, Польша, АҚШ елшілері, консулдары және басқа да дипломатиялық өкілдіктер қызығушылық танытты.

Марапаттау рәсіміне қазақ эстрадасының жұлдыздарымен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері де қолдау білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.