2023 жылдың 29 қарашасында ҚР Әділет министрлігініі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің қызметкерлері Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік жүйесі» атты дәріс өткізді.
Аталған дәріс құқықтану және халықаралық құқық саласындағы болашақ мамандардың зияткерлік меншік саласындағы білім деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.
Жас мамандарға Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және сақтау саласындағы қызметі таныстырылды.
Мәселен зияткерлік меншік объектілеріне әртүрлі патенттер немесе басқа да қорғау құжаттарын жосықсыз мақсатта алатын патенттік тролльдер туралы тақырыпқа студенттер ерекше қызығушылық танытты.
Олардың қызметі танымал коммерциялық айналымға енген, бірақ елде тіркеліп үлгермеген көптеген белгілерді тіркеу, сондай-ақ олардың құқықтарын бұзатын компанияларға қатысты шағымдар беру және ақша талап ету.
Өткізілген дәріс барысында Қазақстан аумағындағы авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ шетелдік авторлармен жұмыс тақырыбыда қозғалды.
Студенттер зияткерлік меншікті дамытуға және осы салада мансап құруға қатысты тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты.