Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова Ақмола облысы Әділет департаментінің ұжымымен кездесіп, ұжымға жаңа басшысы Баукен Әлмешті таныстырды.
Мемлекеттік қызметте 11 жылдық тәжірибесі бар Баукен Әлмеш 2019 жылдан бері Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Вице-министр Мемлекет басшысының министрлік алдында қойған міндеттеріне тоқталып, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар алдағы уақытта Баукен Әлмештің басшылығымен Ақмола облысының әділет департаменті азаматтардың құқықтарын қорғауда және құқықтық жүйені қамтамасыз етуде табысты жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.