Әділет министрлігінде ЕҚЫҰ Демократия институты және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының басшысымен кездесу өтті

Әділет министрлігінде ЕҚЫҰ Демократия институты және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының басшысымен кездесу өтті

ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ЕҚЫҰ Демократия институты және адам құқықтары бюросы миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті.

 Кездесуге сайлау жөніндегі кеңесші Мартина Баркер-Циганикова, сайлау жөніндегі сарапшы Алексей Громов, Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің екінші хатшысы Әлімбек Әлжанов, сондай-ақ заңнама, тіркеу қызметі және  Әділет министрлігінің халықаралық құқық, заң қызметі департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Тараптар 2023 жылғы өткен парламент сайлауы мен 2022 жылғы референдум аясында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының ұсыныстарын талқылады.

Алма Мұқанова шараның маңыздылығына тоқтала келе бұл кездесу құқықтық қызмет, демократия және адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.