ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін министірліктің ресми өкілі Талғат Уәли журналистермен өткен брифингте министрліктің зияткерлік меншік саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Ресми өкіл өз сөзінде осы жылдың 13 қазанында «Алматы Апортының» географиялық көрсеткіші Қазақстан деп танылып, мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлады. Географиялық көрсеткіш ретінде тіркелудің арқасында енді «Алматы апорты» шетелдік сөрелерде танымалдылыққа ие болады. Айта кететіні Алматы апортынан басқа ТҮРКІСТАН шоколады, ТҮРКІСТАН балмұздағы, Қарағанды ​​балмұздағы ҚР географиялық көрсеткіші ретінде мемлекеттік тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ Талғат Уәли 2024 жылы Қазақстандағы көру қабілеті бұзылған жандардың жарияланған туындыларға қол жеткізуін жеңілдету жөніндегі Марракеш келісіміне қосылатыны туралы хабарлады.

Зияткерлік меншікті қорғауға қатысты министрлік ресми өкілінің айтуынша биылғы жылдың басынан бері әділет органдары тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың 92 фактісі тіркеліп, жалпы құны 45 миллион теңгеден асатын 24 мың контрафактілік өнім анықталғанын атап өтті.

Министрлік тарапынан зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша уәкілетті орган ретінде осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыра беретінін айтты.