Әділет министрлігі әкімшілік жазаның жаңа түрі ретінде «қоғамдық жұмысқа тартуды» енгізуді ұсынды

Әділет министрлігі әкімшілік жазаның жаңа түрі ретінде «қоғамдық жұмысқа тартуды» енгізуді ұсынды

Бұл туралы Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов Астана тұрғындарымен кездесуінде айтты. Кездесу барысында Даниэль Ваисов тұрғындарды министрлікте жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етіп, сұрақтарына жауап берді.

Вице-министр негізгі өзгерістердің бірі ретінде жаңа әкімшілік жаза «қоғамдық жұмыстарға тартуды» енгізу екенін атап өтті. Яғни, әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты мен қауіптілік дәрежесіне, оның зардаптарына қарап, құқық бұзушының қаржылық мүмкіндігін ескере отырып, мәжбүрлі еңбекті қолдануды ұсынылады.

Кездесуде Вице-министр әділет саласындағы негізгі бастамалар мен өзгерістер, заңнаманы дамыту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық түсіндіру жұмыстары, әділет органдарындағы цифрландыру және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы айтты.

Аталған шараға құқықтық сала мен азаматтардың құқықтарына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға ниет білдірген түрлі қоғамдық топтардың өкілдері қатысты.

Сөз соңында Әділет Вице-министрі Даниэль Ваисов халықпен тікелей өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, әрқашан ашық диалогты жалғастыруға дайын екеніндігін білдірді.