Конференция туралы хабарландыру

Конференция туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты 2023 жылғы 29 қыркүйекте Астана қаласында институттың
30 жылдығына арналған «ЗАҢ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР (Заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлердегі нормалардың аражігін ажырату)» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Конференцияға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Конференция аралас форматта өтеді (тікелей және ZOOM платформасы арқылы сырттай қатысу).

Конференция Астана қаласы, Достық көшесі, 11-үйде орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де өтеді.

Іс-шараны өткізу қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.

Анықтама телефоны (WhatsApp): +7-778-432-7287, +7-707-349-56-01; e-mail: baltabai.m@zqai.kz, orazbekova.a@zqai.kz.