Көру қабілеті бұзылған азаматтарға кітаптардың қолжетімділігі артады

Көру қабілеті бұзылған азаматтарға кітаптардың қолжетімділігі артады

Астанада ҚР Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен «Зағиптар, көру қабілеті бұзылған немесе баспа басылымында басқа да мүгедектер үшін жарияланған шығармаларға қол жеткізуді жеңілдету туралы Марракеш шарты» халықаралық семинарын өткізді.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы зағиптар мен көру қабілеті бұзылған адамдардың кітаптарға, журналдарға, оқу материалдарына қолжетімділігін кеңейтетінін, олардың қоғамның мәдени және әлеуметтік өміріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті. Сондай-ақ қол жетімді форматтарда жасалған жұмыстардың көшірмелерін халықаралық алмасуға мүмкіндік беретінін айтты.

Семинар Қазақстанның Шартқа қосылуына дайындық аясында Марракеш келісіміне қатысты негізгі мәселелерді түсінуді тереңдету мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында халықаралық сарапшылар мен мамандар семинарға қатысушылармен өз елдеріндегі шарттық ережелердің іс жүзінде жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, халықаралық ұйымдардың, Қазақ зағиптар қоғамының, зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың, кітап баспаларының өкілдерімен бірге Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы талқыланды. Бұл көру қабілеті бұзылған қазақстандықтардың арнайы бейімделген әдебиеттерге қолжетімділігі артады деген сөз.

Айта кетейік, Марракеш шарты Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясында көрсетілген адам құқықтарын қорғауға бағытталған. Көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларға көру қабілеті нашар адамдармен бірдей шарттарда еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл шарт барлық адамдар саяси, экономикалық және экономикалық процестерге толық және тең қатыса алатын инклюзивтілікке бағытталған әлем туралы көзқарасты жүзеге асырудың маңызды кезеңі және қоғамның мәдени өмірі болып табылады.