2023 жылғы 17 тамызда 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Әлеуметтік Кодексінде көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау туралы» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.
Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен міндеттері, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі, мүгедектік себептері және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту, мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру тәртібі, мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну тәртібі специалистау тілі маманы, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру, Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы және т. б.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
15.00 – де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16.00 – де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.