Ақмола облысының бес мыңнан астам тұрғынына тегін заң көмегі көрсетілді

Ақмола облысының бес мыңнан астам тұрғынына тегін заң көмегі көрсетілді

Бұл туралы Ақмола облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу барысында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді.

Б. Жақселекова 2022 жылы және ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында сайлау жүйесінің, адвокаттар мен Заң консультанттарының, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, саяси партиялардың, сондай-ақ нотариаттық қызметі реттейтін заңдарға елеулі түзетулер енгізілгенін атап өтті.

Кездесуде Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметі туралы да сөз болды. Мәселен, 2023 жылдың 1 жартыжылдығында ғана Ақмола облысының адвокаттары 5 499 азаматқа, оның ішінде 1573 азаматқа құқықтық кеңес беру түрінде тегін заң көмегін көрсетті.

Атқарушылық іс жүргізуге қатысты вице-министр бұл тек Ақмола облысы бойынша ғана емес, бүкіл ел бойынша ең сезімтал мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ақмола облысы бойынша барлығы 9 мемлекеттік және 80 жеке сот орындаушы қызмет атқарады. Олардың өндірісінде бүгінгі күнге дейін 251 мың атқарушылық өндіріс болды, оның 85 мыңы орындалды.

Көрсетілген деректің едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Ақмола облысы бойынша бұл 12 мыңнан астам іс. Сот орындаушылары алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізу бойынша мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қабылдауда, деді Ботагөз Жақселекова.

Кездесу барысында облыс тұрғындары сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, нотариаттық қызметке, заң консультанттарына, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде түсіндірме берілген неке-отбасы заңнамасы саласындағы жаңалықтарға қатысты мәселелерді көтерді.